Просмотров: 79
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде Чех Республикасы Қоршаған орта министрінің орынбасары Мартин Вайсс бастаған делегациямен кездесу өтті.
Чех делегациясының құрамында Қоршаған орта министрлігі, Өнеркәсіп және сауда министрлігі, Т. Г. Масарик атындағы Су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, Прагадағы Чех жаратылыстану ғылымдары университетінің өкілдері, сондай-ақ дипломатиялық корпус мүшелері болды.
ҚАТЗУ тарапынан кездесуге Басқарма төрағасы – Ректор, ҚР ҰҒА академигі Қанат Тіреуов, Халықаралық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық департаментінің директоры Эльмира Өтеубаева, Агротехнопарк Seifullin University директоры Ержан Айнабеков және университеттің басқа да өкілдері қатысты.
Жиын барысында білім беру, ғылым және қолданбалы зерттеулер салаларындағы өзара іс-қимылдың перспективалық бағыттары талқыланды.
Кездесуде су ресурстарын тұрақты басқару, климаттың өзгеруіне бейімделу, жауын-шашын, ағынды және қайта пайдаланылатын суларды басқару, қоршаған ортаның ластануы, аумақтарды қалпына келтіру, циркулярлық экономика және ресурстық тиімділік мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар бірлескен пилоттық жобаларды іске асыру, университеттер мен бизнестің өзара іс-қимылы, студенттердің тағылымдамаларын ұйымдастыру, оқытушылар мен зерттеушілер алмасу, сондай-ақ халықаралық ғылыми және білім беру жобаларына бірлесіп қатысу мүмкіндіктері қарастырылды.
Сапар аясында чех делегациясы ҚАТЗУ-дың TIKA оқу-зерттеу зертханасымен танысып, Агротехнопаркке барды.
Ынтымақтастықты кеңейту аясындағы бұл кездесу Қазақстан мен Чехия арасындағы экология, су шаруашылығы, ғылым және мамандар даярлау салаларындағы өзара байланысты арттыру, сондай-ақ жаңа бірлескен бастамаларды дамытуға мүмкіндік беретін маңызды алаң болып табылады.
Почетный профессор Казахского национального аграрного университета. Карьера. 1979 г. — Кайрат Айтуганов начал работать оператором цеха перевозки Кокчетавского почтамта. 1984-1985 гг. — ассистент кафедры почвоведения Целиноградского сельхозинститута. 1987-1989 гг. — агроном, старший агроном, главный экономист совхоза Карабулакский Зерендинского р-йона Кокчетавской обл.