Просмотров: 96
2026 жылғы 16 қыркүйекте Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығына қарасты С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің Агротехнопаркінде университет пен Қазақстан фермерлер қауымдастығы өкілдерінің ғылым және агробизнес саласындағы ынтымақтастықты дамытуға арналған кездесуі өтті.
Іс-шараға Басқарма мүшесі – зерттеу қызметі жөніндегі проректор, ҚР ҰҒА академигі Сәрсенбай Абдрахманов, Қазақстан фермерлер қауымдастығы Басқармасының төрағасы Жигули Дайрабаев, Агротехнопарк директоры Ержан Айнабеков, университет ғалымдары, зертхана басшылары және аграрлық сала өкілдері қатысты.
Кездесу аясында ҚАТЗУ мен Қазақстан фермерлер қауымдастығы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжат ғылым мен агробизнес арасындағы байланысты нығайтуға, бірлескен бастамаларды дамытуға және ғылыми әзірлемелерді ауыл шаруашылығы өндірісіне енгізуге бағытталған.
Дөңгелек үстел барысында университет ғалымдары мен мамандары баяндама жасап, агроэкологиялық зерттеулер, аквакультура, биологиялық қауіпсіздік, ветеринариялық диагностика, ауыл шаруашылығы техникасы, жайылымдарды тұрақты басқару, ауыл шаруашылығы қалдықтарын қайта өңдеу, сондай-ақ мал азықтандыру мен өнімділігін арттыру бағыттарындағы ғылыми әзірлемелер мен практикалық шешімдерді таныстырды.
Сонымен қатар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өзекті сұраныстары, олардың өндірістік міндеттерін шешуде университеттің ғылыми әзірлемелерін қолдану мүмкіндіктері және бірлескен жұмыстың перспективалары талқыланды.
Іс-шара қорытындысында тараптар ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және агроөнеркәсіптік кешенге ғылыми шешімдерді енгізуге бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүдделі екендерін білдірді.
Почетный профессор Казахского национального аграрного университета. Карьера. 1979 г. — Кайрат Айтуганов начал работать оператором цеха перевозки Кокчетавского почтамта. 1984-1985 гг. — ассистент кафедры почвоведения Целиноградского сельхозинститута. 1987-1989 гг. — агроном, старший агроном, главный экономист совхоза Карабулакский Зерендинского р-йона Кокчетавской обл.