Басты бет / Жаңалықтар / «Заң және тәртіп» аясында студенттермен кездесу өтті
«Заң және тәртіп» аясында студенттермен кездесу өтті

Просмотров: 25

Университетте «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында Инжиниринг және азық-түлік технологиялары институтының студенттерімен кездесу өтті.

Іс-шараға Басқарма мүшесі – әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор Ж.М. Жазықбаева, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің басшысы Қ.А. Токушев, Инжиниринг және азық-түлік технологиялары институтының директоры Е.С. Ахметов, институт директорының әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Б.М. Искаков, жатақхана меңгерушісі Г.Ж. Искакова және Студенттік қалашық директоры Қ.О. Оспанов қатысты.

Кездесу барысында студенттерге заңнаманы және қоғамдық тәртіпті сақтау, университет пен жатақхананың ішкі тәртіп ережелерін ұстану, сондай-ақ студенттік ортадағы өзара сыйластық пен жауапты мінез-құлық нормалары түсіндірілді. Құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және білім алушылар үшін қауіпсіз әрі қолайлы орта құруға ерекше назар аударылды.