Просмотров: 52
Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығына қараcты С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде «Жаңа конституциялық модель және қоғамдық жауапкершілікті бөлу» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өтті.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты Марат Башимов, «Белсенді Азамат» қоғамдық қорының төрағасы Гамал Түзелбаев, сондай-ақ университеттің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің басшысы Қайыржан Токушев қатысты.
Кездесу барысында студенттер мен оқытушыларға жаңа конституциялық модель, мемлекеттік институттар арасындағы өкілеттіктерді бөлу және қоғамдық мүдделерді білдіру тетіктері түсіндірілді. Конституциялық құқықтар мен бостандықтардың кепілдіктеріне, Құрылтайдың рөліне, сондай-ақ азаматтар мен азаматтық қоғам институттарының қоғамдық үдерістерге қатысуына ерекше назар аударылды.
Кездесу ашық диалог форматында жалғасты. Қатысушылар қоғамдық мүдделердің мемлекеттік институттарда қалай ұсынылатынын, заңнамада азаматтық қатысудың қандай тетіктері қарастырылғанын, сондай-ақ құқықтар, жауапкершілік пен қоғамдық мүдделер арасындағы тепе-теңдіктің қалай қамтамасыз етілетінін талқылады.
Почетный профессор Казахского национального аграрного университета. Карьера. 1979 г. — Кайрат Айтуганов начал работать оператором цеха перевозки Кокчетавского почтамта. 1984-1985 гг. — ассистент кафедры почвоведения Целиноградского сельхозинститута. 1987-1989 гг. — агроном, старший агроном, главный экономист совхоза Карабулакский Зерендинского р-йона Кокчетавской обл.