Просмотров: 412
2025 жылдың 19 наурызында Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде Наурыз мейрамының жаршысы саналатын Көрісу күніне арналған жарқын әрі есте қаларлық іс-шара өтті. Бұл мереке – адамдардың бір-бірімен қауышып, татуласып, достық қарым-қатынасты нығайтатын ерекше күн.
Іс-шараны "Электрмен жабдықтау" кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттері бірлесіп ұйымдастырып, қазақ халқының салт-дәстүрлерін дәріптеуге арналған керемет мерекелік бағдарлама ұсынды. Студенттер мен оқытушылар ежелгі дәстүрді жаңғыртып, "Көрісу қабыл болсын!", "Жаңа жыл құтты болсын!" деген ізгі тілектерін айтып, жиналғандарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Шара барысында халқымыздың мәдени мұрасы кеңінен таныстырылып, дәстүрлі жоралғылар көрсетілді. Қатысушылар Көрісу дәстүрі мен Бата беру рәсімін тамашалап, ұлттық әндер мен күйлердің әсем әуеніне бөленді. Сондай-ақ, қол күрес, гір көтеру сияқты ұлттық спорттық сайыстар ұйымдастырылып, студенттер ерекше қызығушылықпен қатысты.
Мереке соңында шебер домбырашылар орындаған дәстүрлі күйлер тыңдаушыларды Ұлы дала әуеніне бөледі. Бұл ерекше күн жиналғандардың жүрегінде ұмытылмас әсер қалдырып, ата-баба мұрасын сақтап, оны келешек ұрпаққа жеткізудің маңыздылығын тағы бір мәрте дәлелдеді.
Почетный профессор Казахского национального аграрного университета. Карьера. 1979 г. — Кайрат Айтуганов начал работать оператором цеха перевозки Кокчетавского почтамта. 1984-1985 гг. — ассистент кафедры почвоведения Целиноградского сельхозинститута. 1987-1989 гг. — агроном, старший агроном, главный экономист совхоза Карабулакский Зерендинского р-йона Кокчетавской обл.