Просмотров: 1250
Бүгін С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ Гендельман атындағы залында студенттер С.Сейфуллин мұражайының директоры, тарих ғылымдарының профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының Мұхтар Әуезов атындағы сыйлығының тұңғыш лауреаты Марат Оралбайұлы Әбсеметовпен кездесті.
Кездесуді С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ Басқарма мүшесі – студенттік мәселелер бойынша проректор Ж.А.Құсайынова ашып Марат Оралбайұлын кездесуге қатысушы студенттерге таныстырып өтті.
Сөз кезегі Марат Әбсеметовке берілгенде, Марат Оралбайұлы 1991 жылы Алаш-Орда тақырыбы бойынша қазақ ғылымында алғашқы кандидаттық диссертация қорғағанын, Алаш арысы Міржақып Дулатұлының «Оян, қазақ!» кітабын (1991), бір томдық «Таңдамалы шығармаларын» (1991), екі томдық «Таңдамалы шығармаларын» (1996-1997) және Гүлнәр Міржақыпқызы Дулатованың «Шындық шырағы» (1995) естеліктерін құрастырып шығарғанын, ең бастысы - 1990 жылдың маусым айында көп іздендің арқасында қуғын-сүргіннің құрбаны болған алаш арысы Міржақып Дулатұлының жерленген жерді тапқандарын, ол туралы алғаш Қазақ телеграф агенттігінің «Карелия жерінде» атты ресми хабары «Социалистік Қазақстан» газетінде жарияланғаны туралы жиналғандарға егжей-тегжейлі айтып берді. Бұл туралы толығырақ 1990 жылы 10 тамызда «Қазақ әдебиеті» газетінде «Жұмсақ па, жамбасына жатқан жерің?» деген М. Әбсеметовтың қөлемді мақаласы жарияланған. Осы мақаласы арқылы Марат Әбсеметов «Қазақ әдебиеті» газетінің 1990 жылғы лауреаты атанды.
Ең бастысы, тиісті сараптамалар өткізілгеннен кейін Міржақып Дулатұлының мүрдесі Карелиядан 1992 жылдың 18 қыркүйегінде туған жері - Торғай еліне әкелініп, қайта жерленді. Бұл тақырыпта бірнеше фильмдер қойылды - «Міржақыптың оралуы» (1993 ж., автор Амантай Сатаев, реж. Қалила Омаров), «М.Дулатов. Тайны, судьбы, имена» (2017 ж., автор Майя Бекбаева), М. Әбсеметовтың «Міржақыптың оралуы» /Гүлнәр Міржақыпқызы Дулатованың алғы сөзімен/ (1995 ж.) кітабы және көптеген мақалалар шықты. 1991 жылы 2 сәуірде М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бастауыш партия ұйымның отырысында, Міржақып Дулатұлының «Оян, қазақ!» («Алтын Орда» баспасы, тираж 100 мың) кітабын рұқсатсыз шығарғаны үшін, сонымен коммунистік партия тәртібін бұзғаны үшін домалақ арыз негізінде М. Әбсеметов партбюро хатшысының орынбасары міндетінен босатылды, коммунистік партия қатарынан шығарылды. Шамшия Қанышқызы Сатпаева, Лейла Мұхтарқызы Әуезова, Заки Ахметов сынды академиктердің өтініші бойынша Институттың басшылығы ғылыми Марат Әбсеметовты қызметінде қалдырып, жүргізіп жатқан зерттеу жұмыстарын тоқтатпады.
Ең қызығы осыдан екі жыл бұрын еліміздің экрандарына шыққан Міржақып Дулатов туралы «Оян, қазақ» фильміндегі Ізбасар – осы Марат Оралбайұлының прототипі.
Кездесу соңы студенттермен сұрақ-жауапқа ұласты. Студентердің қойған сұрақтарына тарихымыздағы ақтаңдақтарды зерттеп жүрген Марат Оралбайұлы тұшымды жауап беріп, жастарға тәлімді әңгіме айтты.
Мақпал Орынбетова
Почетный профессор Казахского национального аграрного университета. Карьера. 1979 г. — Кайрат Айтуганов начал работать оператором цеха перевозки Кокчетавского почтамта. 1984-1985 гг. — ассистент кафедры почвоведения Целиноградского сельхозинститута. 1987-1989 гг. — агроном, старший агроном, главный экономист совхоза Карабулакский Зерендинского р-йона Кокчетавской обл.