Просмотров: 1946
2025 жылдың 30 қаңтарында Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетіне көрнекті қазақ жазушысы, драматург, "Абай және ХХІ ғасыр" халықаралық клубының президенті, КСРО Жазушылар Одағы сыйлығының лауреаты, Дүниежүзілік өнер және мәдениет академиясының академигі Роллан Сейсенбаев келді. Ол университет қызметкерлерімен және студенттерімен шығармашылық кездесу өткізіп, сұрақтарына жауап берді.
Қадірлі қонақты Басқарма Төрағасы-Ректор, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі Қанат Тіреуов таныстырды. Ол Роллан Шәкенұлының өмірі мен шығармашылығындағы маңызды кезеңдерді атап өтті.
Р.Сейсенбаев Семей инженерлік-технологиялық және Мәскеу әдеби институттарын бітірген. Жазушының қаламынан "Аңсау", "Сағынып жеткен жаз еді", "Тау басында түйіскен жол", "Өзімді іздеп жүрмін", "Последний снег" атты повестері мен әңгімелері, "Өмір сүргің келсе", "Трон сатаны" романдары шықты. Қаламгер пьесалары үлкен театрларда сахналанып келеді. Абайдың "Қара сөздерін" орыс тіліне аударды.
Өз сөзінде жазушы әдебиеттің өміріндегі алар орны туралы айтты. Қаламгерге Мұхтар Әуезовтің шығармашылығы мен жазушылық шеберлігі үлкен әсер еткен.
Кездесуде ҚазАТЗУ-дың "Ақжелкен" студенттік театрының және "Наз қоңыр" вокалдық үйірмесінің әртістері, сондай-ақ "Шабыт" студенттік ұлттық аспаптар оркестрінің музыканттары құрметті мейманға жазушы шығармаларынан үзінділерді сахналау түрінде тұтас бағдарлама дайындады. Студент Елдар Әмірхан жазушыға арнауын оқып берді.
Мәртебелі қонақ университет қызметкерлері мен студенттеріне оның шығармашылығына деген қызығушылығы үшін жылы лебізін білдірді.
Сонымен бірге, жазушы Роллан Сейсенбаев университетте "Толық адам" орталығының ашылу салтанатына қатысты.
Почетный профессор Казахского национального аграрного университета. Карьера. 1979 г. — Кайрат Айтуганов начал работать оператором цеха перевозки Кокчетавского почтамта. 1984-1985 гг. — ассистент кафедры почвоведения Целиноградского сельхозинститута. 1987-1989 гг. — агроном, старший агроном, главный экономист совхоза Карабулакский Зерендинского р-йона Кокчетавской обл.