Басты бет / Жаңалықтар / ҚазАТЗУ-да қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті
ҚазАТЗУ-да қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті

Просмотров: 1577

2024 жылдың 24 сәуірінде комплаенс қызметінің басшысы Қ.А. Токушевтың төрағалығымен С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде корпоративтік әдеп және комплаенс - бақылау жөніндегі қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті.

Кеңес отырысына Басқарма мүшесі - академиялық мәселелер жөніндегі проректор Р.Ж. Әбішева және Басқарма мүшесі - ғылым және инновациялық қызмет жөніндегі проректор Е.О. Сырғалиев қатысты.

Сондай-ақ ішкі аудит қызметінің басшысы Н.А. Ермаханов, ғылым және инновациялар департаментінің директоры Ж.С. Булхаирова, ақпараттық технологиялар департаментінің директоры А.Қ. Шиабиден шақырылды.

Кеңестің күн тәртібінде келесі сұрақтар қаралды:

  1. «Ауыл шаруашылығы өнімдерін органикалық өндіру және өңдеудің жаңа технологияларын әзірлеу» ғылыми-техникалық бағдарламасын іске асырудағы проблемалық мәселелер туралы. Баяндамашы: Басқарма мүшесі - ғылым және инновациялар жөніндегі проректор Е.О. Сырғалиев.
  2. Студенттік мәселелер жөніндегі департаментінің жұмысы туралы есебі. Баяндамашы: студенттер мәселесі жөніндегі департаментінің директоры Қ.Қ. Дәуренбеков.
  3. Гуманитарлық факультетінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы кешенді жоспарының орындалуы туралы есебі. Баяндамашы: факультет деканы Ж.Т. Кулжанова.

Аталған сұрақтар бойынша кеңес мүшелері баяндамашылардың есептерін ескере отырып, тиісті ұсыныстар қабылдады.