Просмотров: 1988
Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті ректоратының кезекті отырысы Астанадағы Сәкен Сейфуллин мұражайында өтті. Бұл - тектен тек емес. Биылғы жылды ҚазАТЗУ "Сәкен Сейфуллин жылы" деп жариялаған болатын. Осыған орай университет жыл бойы түрлі іс-шаралар өткізеді. Университет басшылығының шешімімен арнайы "С.Сейфуллин медалі" де тағайындалған-ды. Бүгінгі шара да С.Сейфуллин жылы аясында өтіп отыр.
"Қазақ мемлекеттілігінің негізін қалап кеткен тұлғалардың бірі Сәкен Сейфуллиннің қайраткерлігі келер ұрпаққа үлгі болуы тиіс. Бүгінгі шараның көздейтіні де – осы. Оқу орнымыздың ұжымы мен студенттері жыл бойы университетіміз атын иеленіп отырған ұлы тұлғаның мұражайын келіп көретін болады" деді С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ Басқарма Төрағасы-Ректор, ҚР ҰҒА академигі Қанат Маратұлы Тіреуов.
Музей директоры тарих ғылымдарының докторы, филология ғылымдарының кандидаты, профессор Марат Әбсеметов университет ұжымымын музей экспонаттарымен таныстырып, көрнекті мемлекет қайраткерінің ғұмыры мен қызметі жайында кеңінен әңгімелеп берді.
ҚазАТЗУ Басқарма Төрағасы-Ректор, ҚР ҰҒА академигі Қанат Тіреуов музей директоры Марат Әбсеметовті университеттің «Сәкен Сейфуллин медалімен» марапаттады.
Сәкен Сейфуллин мұражайы 1988 жылы 21 ақпанда ашылған. Мұражай жанында ақынның ескерткіші тұр. Мұражайдағы мұрағат, құжаттар мен Сәкеннің қолжазбалары, тұтынған сиясауыты, қаламсаптары, кітаптар мен газет-журналдар, жазу машинкасы, т.б. құнды жәдігерлер 6 залға қойылған. Сондай-ақ, С.Сейфуллиннің көзі тірісінде жарық көрген кітаптар топтамасы, фотосуреттері, мұражай төрінен орын тепкен. Мұражайда Сәкен төңірегіндегі тұлғаларға қатысты құжаттар мен жәдігерлер жиынтығы топтастырылған.
Суретші: Акрамов Данил
Почетный профессор Казахского национального аграрного университета. Карьера. 1979 г. — Кайрат Айтуганов начал работать оператором цеха перевозки Кокчетавского почтамта. 1984-1985 гг. — ассистент кафедры почвоведения Целиноградского сельхозинститута. 1987-1989 гг. — агроном, старший агроном, главный экономист совхоза Карабулакский Зерендинского р-йона Кокчетавской обл.