Басты бет / Жаңалықтар / ҚазАТЗУ студенті «MISS STUDENT ASTANA– 2024» байқауында ІІ вице-мисс
ҚазАТЗУ студенті «MISS STUDENT ASTANA– 2024» байқауында ІІ вице-мисс

Просмотров: 1600

C.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ білім алушысы Айгерім Қайпен қалалық «MISS STUDENT ASTANA– 2024» байқауына қатысып, ІІ вице мисс атанды.

Сұлулық байқауында Астана қаласынан 12 бойжеткендер өз өнерлерін ортаға салып, бірнеше кезең бойынша бақ сынады.

Айгерім Қайпен C.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ «Коммуникация және коммуникациялық технологиялар» білім беру бағдарламасының 2-курс студенті.

Айгерімді жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз және сәттілік тілейміз!