Басты бет / Жаңалықтар / Кеңес отырысы
Кеңес отырысы

Просмотров: 1127

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде 2024 жылдың 28 ақпанында Комплаенс – бақылау және корпоративтік әдеп кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Кеңестің күн тәртібінде келесі сұрақтар қаралды:

Тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі департаментінің жұмысы туралы есебі. Баяндамашы: Тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі департаментінің директоры Асылбек Оңдашұлы Ағымбай.

Ветеринария және малшаруашылығы технологиясы факультеті деканының сыбайлас жемқорлыққа қарсы кешенді жоспарының орындалысы туралы есебі. Баяндамашы: Ветеринария және малшаруашылығы технологиясы факультетінің деканы Өркен Сұлтанхамитұлы Әкібеков.

Аталған сұрақтар бойынша Кеңес мүшелері баяндалған есептерді ескере отырып, бір қатар ұсыныстар енгізді.