Басты бет / Жаңалықтар / Кеше Наурызнама онкүндігіне орай университетімізде - Ұлттық киім күні өтті
Кеше Наурызнама онкүндігіне орай университетімізде - Ұлттық киім күні өтті

Просмотров: 2275

2024 жылғы 15 наурызда Ұлттық Құрылтайдың үшінші отырысында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа форматын ұсынды. Ұлттық кодымызды нығайту ең маңызды міндет екенін айрықша атап өтті. «Соның бірі Ұлттық киім күні деп аталады. Басқа жұрт қазақты киімінен танитын болуы керек. Мен былтыр ауызашар берген кезде осы мәселеге арнайы тоқталдым. Кейбір ірі компаниялар мен оқу орындары ұлттық нақышта киіну үрдісін енгізіп жатыр. Бұл – өте орынды бастама, оны қолдап, ауқымын кеңейте түскен жөн. Әсіресе, қазіргі таңда мұндай қадамдардың мән-маңызы айрықша» - деп атаған.

«Наурызнама» онкүндігі Наурыз мейрамының мән-мағынасы мен мазмұнын байытып, түрлі мәдени және дәстүрлі іс-шараларды қамтиды.

Бүгін «Наурызнама» бойынша 18 наурыз – «Ұлттық киім» күні. Наурызнама онкүндігіне орай С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті Гуманитарлық факультет оқытушылары мен студенттері ұлттық киімді дәріптеу арқылы ұлттық құндылықтарды сақтауға, ұлықтауға өз үлестерін қосуда.

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің Басқарма төрағасы – Ректор, ҚР ҰҒА академигі Тіреуов Қанат Маратұлы универсиетет ұжымын  Наурызнамның онкүндігімен құттықтады. Университет ұжымына өзінің алғысын білдірді. Сонымен қатар Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа форматына ерекше тоқталып өтті. Мәселен, «Наурызнама» бойынша 18 наурыз – «Ұлттық киім» күні. Наурызнама онкүндігіне орай Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті Гуманитарлық факультет оқытушылары мен студенттері ұлттық киімді дәріптеу арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеуге өз үлестерін қосуда. Наурызнаманың онкүндігіне орай Гуманитарлық факультеттің «Әкелер» және «Аналар» кеңесінің бастамаларымен «Бауырсақ Party» аталып өтті.

Наурыз мейрамы қарсаңында университетмізді атқарылып жатқан ауқымды шараларға баса назар аудартты: «Биыл алғаш рет университетімізде «Садақ ату» секциясы ашылып отыр. Осы секция арқылы университетімізден мықты олимпиада чемпиондары шығатынана үлкен сенім артуда. Алдағы уақытта да осы үрдіс өз жалғасын табатынына үлкен сенім артамыз. Бүгінгі күні осы үрдістер қайта жаңғырып жатқандығы қатты қуантады» - деп баса назар аудартты.

 Осынау игі шаралар өз жалғасын тауып, ұлттық брендімізді қалыптасытыруға университет ұжымына үлес қосуға шақырды.

Гуманитарлық факультеттің «Әкелер» және «Аналар» кеңесінің бастамаларымен «Бауырсақ Party» аталып өтті. Бұл шараны университетіміздің басқа да факультеттерінің кеңес мүшелері қолдап, өткізуге атсалысты.

 Аналар кеңесінің мүшесі, философия ғылымдарының докторы Әлекенова Күлпән Нұрғазықызының айтуынша бұл игі іс-шараның мақсаты: «Ұлттық брендіміз – бауырсақты насихаттау, ұлттық дәстүрімізді ұлықтау мақсатында қайырымдылыққа жол ашу. «Әкелер» және «Аналар» кеңесінің бірлесіп, игі іс жасауы өте маңызыды» деп атап өтті.Университетіміздің оқытушылары мен студенттеріне ыстық бауырсақ таратылды.

Алдағы уақытта да осы үрдіс өз жалғасын табатынына үлкен сенім артамыз.