Басты бет / Жаңалықтар / Құқықтық сауаттандыру мақсатындағы кездесу
Құқықтық сауаттандыру мақсатындағы кездесу

Просмотров: 1399

2024 жылдың 24 қыркүйегінде «Парасаттылық сағаты» аясында Университеттің техникалық факультетінің 1-курстың төрт тобы студенттерімен «Заң және тәртіп: Құқықтық сауаттандыру» тақырыбында кездесу өтті.

Кездесуге Басқарма мүшесі - студенттік істер жөніндегі проректор Ж.А. Құсайынова және Университеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің басшысы Қ.А. Токушев қатысып, күн тәртібі бойынша хабарлама жасады.

Кездесу барысында Университет табалдырығын алғаш аттап отырған студенттерге Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің баптары, Арнамыс кодексі және оқу орнының ішкі тәртібі мен мәдениеті түсіндірілді.

Сонымен қатар, Университеттің комплаенс қызметінің міндеттерімен таныстыра отырып, жастарды парасаттылық, әділдік, адалдық қағидаларын сақтауға және Университеттегі әр-түрлі қоғамдық үйірмелерге, спорттық секцияларға белсенді қатысуға шақырылды.