Басты бет / Жаңалықтар / Комплаенс - бақылау және корпоративтік әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы
Комплаенс - бақылау және корпоративтік әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы

Просмотров: 1872

2024 жылдың 12 қарашасында комплаенс қызметінің басшысы Қ.А. Токушевтың төрағалығымен С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде комплаенс - бақылау және корпоративтік әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті.

Кеңес отырысына Басқарма мүшесі – студенттік мәселелер жөніндегі проректор Ж.А. Құсайынова және Басқарма мүшесі – акадмиялық мәселелер жөніндегі проректор Р.Д. Абишева қатысты.

Сондай-ақ, Мәдени-бұқаралық жұмыстар жөніндегі департамент директоры, Тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі департамент мамандары, Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директорының орынбасары, «ЖОО үздік оқытушысы» байқауы эксперттер тобының мүшелері және жекелеген декандар қатысты.

Күн тәртібі бойынша тәрбие-әлеуметтік және мәдени-бұқаралық жұмыстарының 2023-2024 оқу жылғы қорытындысы және 2024-2025 оқу жылының I жарты жылдығы бойынша міндеттері туралы сұрақ, «ЖОО үздік оқытушысы – 2024» байқауы комиссиясының қорытындысын қарау туралы және Комплаенс бақылау және корпоративтік әдеп бойынша Кеңестің 2024-2025 оқу жылына арналған жұмыс жоспарын бекіту сұрақтары қаралды.

Аталған сұрақтар бойынша кеңес мүшелері баяндамашылардың есептерін ескере отырып, алдағы уақытта аталған салаларды одан әрі жақсартуға бағытталған ұсыныстар енгізді.