Басты бет / Жаңалықтар / Күш атасын танытқан жарыс
Күш атасын танытқан жарыс

Просмотров: 1688

2024 жылдың 17 наурыз күні университетіміздің  «Сарыарқа» спорт кешенінде «Жастар рухы» Жастар қанаты ұйымы және спорт клубының ұйымдастыруымен  «QAZAQ  KURESI»-нен Астана қаласының  жоғары оқу орындары арасында турнирі өтті.

Жарысқа 55, 60, 66, 74, 82, 90, +90  салмақ дәрежелері 18 жасқа толған  8 оқу орнының  студенттері қатысты.   Боз кілемдегі белдесу уақыты 5-минут болды.

Турнирге шақырылған қонақтар ретінде Астана қаласы әкімдігінің    «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанаты Астана қалалық филиалының төрағасы А.Т.Арсланбек, «Қорған» қоғамдық бірлестігінің төрағасы А.Кенжетайұлы, қол күрестен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қажымұқан балуан шолақ ізбасары, Әлем чемпионы-Т.Д.Спатаев, New Level Group директорының кеңесшісі Ғ.А.Какімжанов және Басқарма мүшесі-Студенттер ісі жөніндегі проректор Ж.А.Құсайынова  қатысты.

Жарыстың қорытындысы:

55 келі салмақ дәрежесінде:

1 орын- Дәулет Диас (Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті);

2 орын- Елеусизов Еркебұлан (С.Сейфуллин атындағы ҚАТЗУ);

3-орын- Ақылжан Асет және Абдрашит Алтынбек (С.Сейфуллин атындағы ҚАТЗУ);

 60 келі салмақ дәрежесінде:

1-орын Заманбек Бақыт (С.Сейфуллин атындағы ҚАТЗУ);

2-орын Жусупов Дияр (Есіл университеті);

3-орынды иеленген  Қуанбекұлы Ербол (С.Сейфуллин атындағы ҚАТЗУ) және Шүкірәлі Мағжан (Денешынықтыру және бұқаралық спорт академиясы);

 66 келі салмақ дәрежесінде:

1-орын Нұрланұлы Нұрдастан (Денешынықтыру және бұқаралық спорт академиясы);

2-орын Мажитов Аман (Астана медициналық университеті);

3-орын иеленген Шербаев  Алихан (AIU) және Хамраев Жасурбек (Астана медициналық университеті);

74 келі салмақ дәрежесінде:

1-орын Жұмақожа Мирас (Денешынықтыру және бұқаралық спорт академиясы);

2-орын Құрамбек Рамазан (С.Сейфуллин атындағы ҚАТЗУ);

3-орын иеленген Бейсенбаев Мейрхан (М.Нарикбаев университеті) Сансызбай Дамир (Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті);

82 келі салмақ дәрежесінде:

1-орын Махмұт Жан (М.Нарикбаев университеті);

2-орын Жанибеков Абдрахман (AIU);

3-орынды иеленген Жұмағали Ернат (Есіл университеті) және Таниркулов Нургазы (С.Сейфуллин атындағы ҚАТЗУ);

90 келі салмақ дәрежесінде:

1-орын Ергешбай Нариман (С.Сейфуллин атындағы ҚАТЗУ);

2-орын Арназаров Абылай (AIU);

3-орынды  иеленген  екі спортшы Файзолла Бақтияр (С.Сейфуллин атындағы ҚАТЗУ) және Сарканбай Нұрым (Астана медициналық университеті);

90+ келі салмақ дәрежесінде:

1-орын Баухан Дастан (Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті);

2-орын Қошжанов Данияр (М.Нарикбаев университеті);

3-орын иеленген Орынбай Қажығали және Нурлумбаев Мақсат (С.Сейфуллин атындағы ҚАТЗУ).

Құттықтаймыз!