Басты бет / Жаңалықтар / Мақсат – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру
Мақсат – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

Просмотров: 421

2024 жылдың 30 мамырында С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде Ғылыми кеңестің кезекті отырысы болып өтті.

Кеңес отырысының күн тәртібінде қаралған сұрақтардың бірі университеттің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кешенді жұмыс жоспарының орындалысы туралы болды.

Комплаенс қызметінің жетекшісі Қ.А. Токушев Кеңес отырысына қатысушыларды аталған жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат берді.

Кешенді жұмыс жоспарын жүзеге асыру барысында комплаенс қызметі 13 ішкі құжаттарды әзірлеп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиісті жұмыстар атқарып жатқандығы айтылды.

Бақылауды тұрақты қамтамасыз ету және күшейту мақсатында университетте Комплаенс бақылау және корпоративтік әдеп бойынша Қоғамдық кеңес құрылған. Осы Кеңес отырысында кешенді жоспардың орындалысы туралы 5 құрылымдық бөлімдер мен 6 факультетінің есептері тыңдалған. Жалпы 11 отырыста 23 сұрақ қаралып, тиісті ұсыныстар қабылданған.

Кешенді жұмыс жоспарының 4 бөлімінде 27 шара қаралған. Бүгінгі таңда кешенді жұмыс жоспары 99 пайызға орындалған. Кешенді жоспардың бір шарасы - Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша тиісті жұмыстар атқарылу үстінде.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша ағымдағы оқу жылы ішінде 10 380нен астам оқытушылар мен білім алушыларды қамти отырып, 265 шара өткізілген.

Сонымен қатар, университеттің құрылымдық бөлімдерінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартын сақтауы бойынша барлығы 10 мониторинг, студенттер санының 16-ға тарта пайызы қатысуымен екі рет бүркемелі сауалнама жүргізілген. Сыбайлас жемқорлық тақырыптарына 7 диспут, 10 дебат, 5 брейн-ринг, 4 бейнеролик және сурет байқаулары ұйымдастырылған.

Университет бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және парасаттылық идеологиясын ілгерілету мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің, Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, «Аманат» партиясының, ҚР мемлекеттік және қоғам қайраткерілері, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өкілдері мен және тағы да басқа белгілі тұлғалар мен кездесулер ұйымдастырылған.

Кешенді жоспарды келесі оқу жылында жаңадан қабылдау үшін университеттің құрылымдық бөлімдері, факультеттер, кафедралар өздерінің ұсыныстарын берулері қажет екендігі назарға салынды.