Басты бет / Жаңалықтар / Мемлекет басшысының қатысуымен Ұлттық құрылтайдың отырысы өтті
Мемлекет басшысының қатысуымен Ұлттық құрылтайдың отырысы өтті

Просмотров: 1659

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың отырысы өтті. Құрылтайдың мүшелері секцияларда айтылған ұсыныстар мен бастамаларды ортаға салып, өз ойларымен бөлісті.

Мемлекет басшысы күздегі өз Жолдауында айтқан Жаңа экономикалық саясатқа көшу керектігін еске түсірді. Дамыған елдердің қатарында болу үшін экономикалық мақсат қана емес, әлеуметтік, идеологиялық, шаруашылық салаларындағы бағдарды айқындау керектігін жеткізді.

Ұлттық Құрылтайдың жыл сайынғы дәстүр бойынша жазда өтпей, көктемде өткізілуіне де осы себеп: нақты бағдарды айқындап, шараларды қолға алу.