Басты бет / Жаңалықтар / Мерейтой иесіне құрмет
Мерейтой иесіне құрмет

Просмотров: 711

Бүгін С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ ерекше мерейлі күн болды.Осыған орай, университетіміздің мәжіліс залында мерейтой иесіне арналған салтанатты іс-шара өтті.

 Іс-шараның шымылдығын С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің Басқарма төрағасы – Ректоры, ҚР ҰҒА академигі Қ.М.Тіреуов ашып, мерейтой иесіне ақ тілегін жеткізді:

 - «Бүгін еліміздің өсіп-өркендеуіне атсалысқан, мемлекеттік қызмет ардагері, өмірі өнегеге толы  құрметті де қадірлі ағамыз Қайыржан Ахметбекұлы уақыттың 70 белесін бағындырып, ақсақал жасына аяқ басып отыр.          Қайыржан Ахметбекұлы Токушев - қоғам қайраткері, мемлекеттік қызмет ардагері, «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» және алты мерейтойлық медальдармен марапатталған.

«Қазақстан Республикасының үздік мемелекеттік қызметшісі», «Ақтөбе облысында мемлекеттік қызметтің дамуына қосқан үлесі үшін» төс белгілерінің иегері, Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының құрметті азаматы», - дей келе, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің Басқарма төрағасы – Ректоры, ҚР ҰҒА академигі Қ.М.Тіреуов кейінгі толқынға үлгі болатын мерейтой иесінің еңбек жолына шолу жасап, Қайыржан Ахметбекұлына ақжарма тілегін жеткізді. Сонымен бірге, Ғылыми кеңестің шешімімен Қ.А.Токушевқа «С.Сейфуллин» медалін табыс етті.   

Қ.А.Токушев 2014-2018 жылдары аралығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агентігінің Ақтобе облысы бойынша департаменттің басшысы – әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы,    2018 жылдың сәуір айынан 2023 жылдың ақпаннына дейін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің республикалық «Sanaly urpaq» жобалық кеңсесінің жетекшісі ретінде Алматы қаласында қызмет атқарды. 2023 жылдың ақпанынан бастап, Астана қаласындағы Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің комплаенс қызметінің басшысы.

Сонымен қатар бүгінгі салтанатты жиында мерейтой иесін әріптестері С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ проректоры С.К.Омаров пен С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ тәрбие ісі жөніндегі проректоры Ж.А.Құсайынова құттықтады. Университет ұжымы атынан Қайыржан Ахметбекұлына аппарат басшысының м.а. Нұрдос Әуелбекұлы Арнау жолдады.

Қ.А.Токушев Қазақстанның көптеген өңірлерінде еңбек етті. Соған орай, мерейтой иесіне арналған құттықтаулар легіне кезек берілді.

Қарағанды облысы әкімі Е.Қ.Бөлекбаев пен Қарағанды облыстық мәслихатының хатшысы Н.Қобжановтың Құрмет Грамотасы, Қарқаралы ауданы әкімшілігінің және ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті атынан құттықтау хаттарын Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімінің аппарат жетекшісі Д.Т.Омаров тапсырды. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша Департаментінің бас маманы, бүгінгі күні ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистранті Г.Қ.Мусашева құттықтады. Ақмола облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департамент басшысы Б.С.Қабдыраш пен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы, осы облыс бойынша Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Д.Қ.Әбілевтің құттықтау хаттары табысталды.

                                                        Мақпал Орынбетова