Басты бет / Жаңалықтар / Ерулік дәстүрі – көрші татулығының белгісі
Ерулік дәстүрі – көрші татулығының белгісі

Просмотров: 1688

2024 жылдың 17 наурыз күні Компьютерлік жүйелер және кәсіптік білім беру факультетінде “Армысың, әз-Наурыз” факультетаралық байқауы бойынша “Ерулік” салт-дәстүрі көрсетіліп, Наурыз мерекесі тойланды. Ерулік — дәстүрлі халықтық жоралғының жарқын үлгісі. Жаңадан көшіп келген, жапсарлас қонған отбасына бұрыннан отырған көршілері қонақасы береді, дәм-тұз татырып, ықылас-пейіл білдіреді. Ерулік беру арқылы ауыл тұрғындары жаңа көршілерін өздеріне етене жақындастыруды, бөтенсітпеуді де көздейді.