Просмотров: 1323
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде 14-23 наурыз аралығында Наурызнама онкүндігі ерекше аталып өтуде.
2024 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа форматы-Наурызнама онкүндігі енгізіліп, мерекенің жаңа логотипі бекітілген болатын.
Наурызнаманың тойлану дәстүрі ұлттық дәстүрлер мен құндылықтарды дәріптеуге бағытталған және қоғам өмірінің маңызды аспектілеріне арналған.
Наурызнама тұжырымдамасы аясында қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан салт - дәстүрлерін насихаттау мақсатында университеттің барлық факультеттері музыкалық – театрландырылған көріністер қойып, ұлттық спорт түрлерінен көріністер көрсетті. Атап айтар болсақ, 14 наурыз күні Гуманитарлық факультеттің ұйымдастыруымен «Бауырсақ PATI» байқауы және Агрономия факультетінің ұйымдастыруымен «Көрісу күні – Амал мерекесі» тойланып, факультет ұжымы «Ақ алып шығу» салтын сахналады. 15 күні барлық факультеттер қайырымдылық шараларын ұйымдастырды. 16 наурыз Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні аясында жатақхана студенттері арасында салт-дәстүрлер байқауын, 17 наурыз күні КЖжКББ факультеті Шаңырақ күні аясында «Ерулік» салтын, Гуманитарлық факультет «Ат тергеу» салтын сахналады. 18-і күні Ұлттық киімді насихаттау аясында Энергетикалық факультет ұжымы «Сәлем салу» салтын, ЖРБСжД факультеті «Көрші хақы» салтын көрсетті. 19 наурыз күні Жаңару күні аясында барлық факультеттер сенбіліктер өткізіп, Техникалық факультет ұжымы «Қазан шегелеу» салтын көрсету рәсімі Қығыз Республикасының білім алушылары және ҚХР өкілдерінің қатысуымен өтті. Сондай-ақ, ВжМШТ факультеті «Бұйымтай» салтын сахналап, көрсетті. 20 наурыз күні университетіміздің Спорт клубы Ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырды және Әскери кафедра ұжымы «Қалау» салтын, ОШЖТжҚО факультеті «Баутағар» салтын, Экономика факультеті «Айрылысар көже» салтын сахналап, мерекелік шараның мағынасы мен мәнін ерекшелей түсті.
Наурызнаманың онкүндігін университетіміздің қабырғасында тойлау барысында барлық факультеттердің оқытушылар мен студенттері және бөлімшелердің қызметкерлері белсенділік танытып, қазақ халқының Наурыз мерекесін тойлау дәстүрін, мәдени құндылықтарын дәріптеуді музыкалық - театрландырылған қойылымдармен атап өтті.
Почетный профессор Казахского национального аграрного университета. Карьера. 1979 г. — Кайрат Айтуганов начал работать оператором цеха перевозки Кокчетавского почтамта. 1984-1985 гг. — ассистент кафедры почвоведения Целиноградского сельхозинститута. 1987-1989 гг. — агроном, старший агроном, главный экономист совхоза Карабулакский Зерендинского р-йона Кокчетавской обл.