Басты бет / Жаңалықтар / Омбудсменмен бір толқында
Омбудсменмен бір толқында

Просмотров: 265

            23 ақпанда Астана қаласы бойынша қалалық омбудсмен Аружан Қуандыққызы Бахитовамен «Жастармен бір толқында» атты тақырыбында кездесу өтті.

Кездесу барысында университеттегі студенттік өзін-өзі басқару және студенттік омбудсмендердің қызметі туралы сұрақтар талқыланды.

Омбудсменнің басты мақсаты – студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бұл кездесуге ҚАТЗУ студенттік омбудсмені Мадина Асқар қатысты. Университетіміздің студенттік қауымдастығы студенттерінің құқықтарын қорғауға белсене араласады.

Кездесу барысында студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жауаптар алды.