Басты бет / Жаңалықтар / Парасаттылық сағаты
Парасаттылық сағаты

Просмотров: 1897

2024 жылдың 15 және 16 қазанында «Парасаттылық сағаты» аясында Университеттің техникалық факультетінің 1-курстың студенттерімен және Жер ресурстарын басқару, сәулет және дизайн факультетінің 1-курс студенттерімен «Заң және тәртіп: Құқықтық сауаттандыру» тақырыбында кездесу өтті.

Кездесуге Университеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің жетекшісі, мәдени-бұқаралық жұмыстар жөніндегі департамент директоры, академиялық мәселелер жөніндегі департамент директорының орынбасары, халықаралық департамент өкілдері, техникалық факультеттің және Жер ресурстарын басқару, сәулет және дизайн факультетінің басшылары қатысты.

Кездесу барысында білім алушыларға Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің баптары, Ар-намыс кодексі және оқу орнының ішкі тәртібі мен мәдениеті түсіндірілді.

Университеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің жетекшісі Қ.А. Токушев комплаенс қызметінің міндеттерімен таныстыра отырып, жастарды парасаттылық, әділдік, адалдық қағидаларын сақтауға және Университеттегі әр-түрлі қоғамдық үйірмелерге, спорттық секцияларға белсенді қатысуға шақырды.