Просмотров: 2205
С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ Басқарма төрағасы-Ректоры, ҚР ҰҒА академигі Қ.М.Тіреуов университеттің Комплеанс бақылау және корпоративтік әдеп жөніндегі Қоғамдық кеңес мүшелерін университетте атқарылып жатқан бірсыпыра жұмыстармен таныстырды. Атап айтқанда, «Сарыарқа» спорт кешені мен университеттің бас корпусындағы спорт залында жасалып жатқан жөндеу жұмыстарымен танысып, жұмыс сапасын тексерді. Университет басшысы жауапты тұлғаларға құрлыс жұмыстары барысында кемшіліктердің орын алмауын тапсырды. Өйткені, Сейфуллин университетінің аумағында жүргізіліп жатқан әрбір құрлыс, жөндеу жұмыстары, олардың сапасы мен қауіпсіздігі ҚазАТЗУ Басқарма төрағасы-Ректоры, ҚР ҰҒА академигі Қ.М.Тіреуовтің бақылауында.
Сонымен қатар, университет басшысы университеттің Комплеанс бақылау және корпоративтік әдеп жөніндегі Қоғамдық кеңес мүшелерімен бірге “Asnana Glinik”студенттік емханасында болып, студенттерге көрсетіліп жатқан медициналық көмектің көлемі мен сапасын да назардан тыс қалдырмады.
Бұдан кейін университет басшылығы жаңадан ашылған жиһаз цехы мен тігін цехын аралап, университет сатып алған жаңа автобустарға отырып, жайлылығын тексерді.
Нысандарды аралаудың басты мақсаты - ҚазАТЗУ Басқарма төрағасы-Ректоры, ҚР ҰҒА академигі Қ.М.Тіреуов пен университеттің Комплеанс бақылау және корпоративтік әдеп жөніндегі Қоғамдық кеңес мүшелерімен бірлесе отырып, жүргізіліп жатқан жұмыс жайын тексеру. Университет басшысы бүгінгі көзбен көрген жұмыстардың С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ әлеуметтік дамуында үлкен орын алатынын қадап айтып, Қоғамдық кеңес мүшелеріне әлеуметтік-экономикалық бағыт бойынша университет алдында тұрған басты міндеттерді баяндады.
Университет нысандарын аралау барысында ҚазАТЗУ Басқарма төрағасы-Ректоры, ҚР ҰҒА академигі Қ.М.Тіреуов өзі басқарып отырған оқу ордасының Астана ажарын арттыруға қатысты біршама ойларын ортаға салды.
Макпал Орынбетова
Почетный профессор Казахского национального аграрного университета. Карьера. 1979 г. — Кайрат Айтуганов начал работать оператором цеха перевозки Кокчетавского почтамта. 1984-1985 гг. — ассистент кафедры почвоведения Целиноградского сельхозинститута. 1987-1989 гг. — агроном, старший агроном, главный экономист совхоза Карабулакский Зерендинского р-йона Кокчетавской обл.