Басты бет / Жаңалықтар / Жұмыс тобының мониторингі жалғасуда
Жұмыс тобының мониторингі жалғасуда

Просмотров: 1726

18 қарашада Техникалық факультеттің «Стандарттау, метрология және сертификаттау» және «Көлік, көлік техникасы және технологиясы» кафедраларының профессор-оқытушылар құрамымен кездесу өтті.

Кездесуге сыбайлас жемқоролыққа қарсы комплаенс қызметінің жетекшісі Қ.А. Токушев, аппарат басшысы Ж.М. Жазықбаева, академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің директоры Ж.С. Жүргенов, әкімшілік департаментінің бас менеджері Ж.С. Акмаганбетова және техникалық факультеттің деканы Е.С. Ахметов қатысты.

Жұмыс тобының мүшелері ҚР Еңбек кодексінде, өзге де нормативтік-құқықтық актілерінде, еңбек міндеттерін мүлтіксіз орындау, өзара адамгершіліктің талаптарын сақтауға, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және Корпоративтік әдеп нормаларын бұзушылықтарды болдырмауға, әркез қызмет көрсетудің жоғары стандарттарына сәйкес болуға, адалдық, ашықтық және әділдік қағидаттарын басшылыққа алуға, кәсіби деңгейде қызмет көрсетуге шақырды.

Кездесу барысында қатысушылардың қойыған сұрақтарына жауаптар берілді.