Басты бет / Жаңалықтар / “Qanattylar” инклюзивті театры Сәкен білім ордасында
“Qanattylar” инклюзивті театры Сәкен білім ордасында

Просмотров: 1319

Кеше Ақжелкен студенттік театрының ұйымдастыруымен Орталық Азиядағы ең алғашқы “Qanattylar” инклюзивті театры, Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің, Агрономиялық факультетінің акт залында Жүзбай Серіктің “Өмір-Ғайып” атты мелодрамасын сахналады. Ерекше жандардан құралған театр бұл мелодрама арқылы студенттерге тәлім-тәрбие, алдағы өмірде септігін тигізердей дүниелерді жеткізе алды. Көрермен қатарында болған студенттер, ұстаздар құрамы және қонақтар ерекше алғысын айтып, қошеметін білдірді. Спектакль режиссеры - университетіміздің студенттік театрының көркемдік жетекшісі Нұрфат Вахитов. Театр жетекшісі Арнұр Искаков студенттерге өзінің ақыл, кеңесін айтып, алдағы жоспарларымен бөлісті. Ақжелкен студенттік театрының жетекшісі Думан Еркінұлы “Qanattylar” инклюзивті театрына және жетекшілеріне өз алғысын білдірді.