Басты бет / Жаңалықтар / Радиотехника, электроника және коммуникация кафедрасы Наурыз мерекесін ұлттық дәстүрмен атап өтті
Радиотехника, электроника және коммуникация кафедрасы Наурыз мерекесін ұлттық дәстүрмен атап өтті

Просмотров: 642

     18 наурыз күні Радиотехника, электроника және коммуникация кафедрасы Наурыз мерекесін ерекше ықыласпен атап өтті. Іс-шара аясында ұлттық дәстүрлер жаңғыртылып, қазақ халқының бай мәдени мұрасы дәріптелді. Кафедра ұжымы мен студенттер "Сәлем салу" салтын көрсетіп, көпшілікке оның мән-маңызын түсіндірді.

     Мерекелік жиында қатысушылар бір-біріне ақжарма тілектерін арнап, ортақ дастарханнан дәм татты. Ақсақалдар мен аға буын өкілдері жастарға бата беріп, ізгі ниеттерін білдірді. Ұлыстың ұлы күніне арналған бұл шара кафедра ұжымының бірлігін нығайтып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге зор үлес қосты.