Басты бет / Жаңалықтар / Ректор кубогінің жеңімпаздары
Ректор кубогінің жеңімпаздары

Просмотров: 988

2024 жылдың 26 наурыз күні  университетімізде қалалық ЖОО және арнайы білім беру мекемелері арасында “Ректор кубогы”  “Супер Лига” КТК ойыны өтіп, өз мәресіне жетті.

Әділ қазы алқасы құрамында:

 Лаура Қанатқызы -“Ақпен бірге” командасы; Фурхат Курбанов- Астана Жайдарман филиалының директоры; Алиев Аян- КазАТЗУ Университетінің КТК жетекшісі; Азат Жусип- ҚазАТЗУ түлегі, “Не кипишуй” командасының капитаны; Еламан Момынов- ардагер жайдарманшы.

Ойынға 8 оқу орнының командалары қатысып, батл ұйымдастырылды:

Еуразия гуманитарлық институтының жоғары колледжі «EUROMIX» құрамасы және олардың қарсыласы Мағжан Жұмабаев атындағы Халықаралық жоғары колледжі «MEGAPOLIS» құрамасы;

Астана халықаралық педагогикалық колледжі «SHEKER» құрамасы және олардың қарсыласы Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық зерттеу университеті KAZATZU UZUMAKI;

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «TUMAR» құрамасы және олардың қарсыластары Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Нұр-Диас» құрамасы;

Астана халықаралық университеті AIU құрамасы және олардың қарсыластары Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ ұлттық университеті SEIFULLIN құрамасы;

«Ректор кубогін» Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің  “Тұмар” қыздар командасы  жеңіп алды.

«Ректор кубогін» ұйымдастырушылар ойынға қатысқан командалар атынан университет ректоры Қ.М.Тіреуовке қолдау көрсеткені үшін алғыстарын білдірді.