Басты бет / Жаңалықтар / «Ректор Кубогы» ойыны өтті
«Ректор Кубогы» ойыны өтті

Просмотров: 1296

9 сәуір Агрономия факультетінің концерт залында, «Ректор Кубогы» ойыны өтті. Бұл ойынға Астана қаласының жоғары оқу орындары мен колледжден келген командалар қатысты. «Еуромикс» Еуразия Ұлттық университеті, «Шекер» Астана Халықаралық университетінің педагогикалық колледжі, «Бәсекеңдер», «Дофамин» Еуразия Ұлттық университеті, «Ассорти» Қазақ технология және бизнес университеті, «Дәл Қазір» Мухаммеджан Тынышбаев атындағы Астана ALT көлік колледжы , «AIU» Астана Халықаралық университеті. Біздің Университетіміздің намысын 5 команда қорғады: «Мұз»Техникалық факультет, «Мо Паль Мо» Энергетикалық факультет, «Синдер» Энергетикалық факультет, «Ливерпуль» Техникалық факультет, «SunShine» Агрономия және Орман шаруашылығы факультеті. Бұл ойында «Шекер» құрамасынан Әсем , «Ливерпуль» құрамасынан Бауыржан үздік ойыншы атанса , Агрономия және Орман шаруашылығы факультетінен шыққан «SunShine» құрамасы чемпион атанып, КазАТЗУ «Ректор Кубогы» жүлдесін иеленді!