Басты бет / Жаңалықтар / Ректор университетіміздің маңдайалды студенттерімен кездесті
Ректор университетіміздің маңдайалды студенттерімен кездесті

Просмотров: 2627

2024 жылдың 1 қазанында С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің ректоры, ҚР ҰҒА академигі Қанат Маратұлы Тіреуов университеттіміздің факультеттерінің жастар ісі жөніндегі комитет төрағалары, студенттік ұйымдары  мен клубтарының жетекшілерімен кездесті.

Ректор барлық студенттерді жаңа оқу жылымен құттықтап, білім беру жүйесін жаңғырту, жастардың ғылыми ізденістері мен шығармашылығын дамыту бойынша алдағы жоспарларға қысқаша тоқталды. С.Сейфуллиннің 130 жылдық мерейтойы қарсаңында 44 белсенді студент С.Сейфуллин университетінің арнайы төсбелгісімен марапатталды.