Басты бет / Жаңалықтар / Республика күніне арналған салтанатты шара өтті
Республика күніне арналған салтанатты шара өтті

Просмотров: 1876

Бүгін С.Сейфуллин университетінде «25 қазан – Республика күні» Ұлттық мерекесіне арналған салтанатты шара өтті.

Шараға С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ Басқарма төрағасы-Ректоры, ҚР ҰҒА академигі Қ.М.Тіреуов, Басқарма мүшелері-поректорлар, факультет декандары, профессорлық оқытушылар құрамы мен студенттер қатысты.

Республика күнінің еліміз үшін ең маңызды мерекелердің бірі. ҚР Президенті Қ-Ж.Тоқаев атап өткендей, «Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символына айналуы қажет. Республика күні – тәуелсіздігіміздің жаршысы, оған жол ашқан тарихи оқиғаны айғақтаушы күн. Сондықтан да біз үшін бұл мереке егемен ел болып ірге қалауымыздың белгісіне айналған тарихи күнді, ұлттық рухымыздың қайта түлеген сәтін еске салатын ерекше сипатқа ие».

Мерекелік шара концерттік бағдарламамен аяқталды.