Басты бет / Жаңалықтар / «Рухани керуен» жобасы аясындағы кездесу
«Рухани керуен» жобасы аясындағы кездесу

Просмотров: 1093

    9 желтоқсан күні «Рухани керуен» жобасы аясында С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің бас ғимаратында Астана студенттер Альянсының ұйымдастыруымен университет студенттерін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің  депутаты Асхат Қанатұлы Аймағамбетовтің қатысуымен кездесуін өткізді. 

    Кездесудің мақсаты – елімізде және қоғамда болып жатқан өзекті мәселелерге назар аудару, заманауи өзгерістерге қатысуға шақыру, мақсатты және адамгершілігі жоғары тұлғаны қалыптастыру болып табылады.

    Кездесудің модераторы Астана студенттер Альянсының төрағасы Ерлан Өтегенұлы Киікбай болды.

     Алғы сөзді С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зертеу университетінің Басқарма төрағасы – Ректор, ҚР ҰҒА академигі Қанат Маратұлы алып, қадірлі мейманды таныстырып өтті.

     Кездесу барысында студенттер келген қонаққа университет қабырғасындағы студенттердің жетістіктері туралы жан-жақты баяндап берді. Кездесу барысында                    ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Асхат Қанатұлы Аймағамбетов студенттермен кері байланыс орнатып, олардың сұрақтарына жауап берді.