Просмотров: 1547
2025 жылғы 20 ақпанда С. Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ-да "Жігіт сұлтаны–2025" байқауы өтті. Дәстүрлі түрде өткізіліп отырған байқаудың мақсаты ер балаларға тәрбие берер салт дәстүрімізді жаңғырту, ой санамызды қалыптастыру, жастарға үлгі болар жігер, намыс, рух берер бабалар аманатын жалғастыру.
Байқау басталысымен бүгінгі сайысқа сақадай сай болып, тұлпардай дамыл таппай тұрған жігіттерді сахна төріне шығып, қазылар алқасымен танысты. Байқауда «Тегімді менің сұрасаң...» - ұлттық киім үлгісін көрсетуі, бозбаланың жүріс-тұрысы, сыр-сымбаты, сөйлеу мәдениеті мен өзін өзі таныстыруы, «Жігітке жеті өнер де аз» ән немесе би билеу, әр түрлі аспаптарда ойнау және т.б. өнерпаздық деңгейін бағалау сайысы, «Салауатты өмір - салтымыз» - спорттың ұлттық түрлерінен сайыс болды. Спорттың бұл түрі бойынша ләңгі тебу сайысы өтті.
Алғашқы сайыс бойынша, халқымызда бар сәлемдесу ізеттілік пен инабаттылықтың, тәрбиеліліктің белгісін көрсетті.
Байқадың келесі сайысы - «Жігітке жеті өнер де аз» деп аталады. Бұл сайыста жігіттеріміздің өнерпаздық деңгейі бағаланды.
Соңғы сайыс - «Салауатты өмір - салтымызда» жігіттер ләңгі теуіп бақ сынады.
Сайыс соңында әділ қазылар «Жігіт сұлтаны» байқауына қатысушы жігіттеріміздің өнерлерін саралады.
Әрине, қай қайсысы болмасын, өзіндік өрнегі жарасқан, өнерлері өрге тасыған, білекті де жүректі жігіттеріміздің барлығы да жүлделі орынға лайық.
Десе де, «Жігіт сұлтаны» байқауының жеңімпаздары С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ экономикалық факультетінің студенті Уалиханұлы Шыңғыс 1-орынды қанжығасына байласа, 2-орынды С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ техникалық факультетінің студенті Садуақасов Еламан, 3-орынды С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ агрономиялық факультетінің студенті Темурхан Диас иеленді.
Осылайша С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ өткен «Жігіт сұлтаны» сайысы өз мәресіне жетті. Алда «Қыз сыны» байқауы.
Почетный профессор Казахского национального аграрного университета. Карьера. 1979 г. — Кайрат Айтуганов начал работать оператором цеха перевозки Кокчетавского почтамта. 1984-1985 гг. — ассистент кафедры почвоведения Целиноградского сельхозинститута. 1987-1989 гг. — агроном, старший агроном, главный экономист совхоза Карабулакский Зерендинского р-йона Кокчетавской обл.