Просмотров: 1593
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің «Шырақ» зияткерлік пікірсайыс клубы мүшелері С.Сейфуллиннің 130 жылдығына арналған «СӘКЕН СЕЙФУЛЛИН: ХАЛЫҚҚА АРНАЛҒАН ӨМІР» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының аясында елімізде С.Сейфуллиннің есімін иеленген мектеп оқушылары арасында «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» республикалық пікірсайыс турнирін ұйымдастырды.
Турнирге Абай, Түркістан, Қызылорда облыстары мен Астана қаласының мектеп оқушыларынан құралған 8 команда сынға түсті. Пікірсайыс турнирі Британдық парламент сайысы жүйесінде өткізілді. Турнирдің қорытындысы бойынша:
Астана қаласының №70 орта мектеп оқушысы Бикешова Үміт және № 103 орта мектеп оқушысы Дүйсенбек Дина «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» атты республикалық турнирдің Жеңімпазы атанды.
Республикалық турнирдің финалистері:
№9 «Зерде» мамандандырылған лицей оқушылары:Шәріпбек Фатима
Анварбек Арайлым;
№87 BINOM SCOOL мектеп оқушылары: Құрал Ерасыл, Анарбек Даниал;
№67 мектеп гимназия оқушылары: Ескермес Ернур, Иляс Мұхаммедәлі;
Үздік спикер номинациясын Астана қаласының №70 орта мектеп оқушысы Бикешова Дина иеленді.
Жеңімпаздарға кубок, арнайы сыйлықтар, жүлдегерлерге дипломдар табысталды.
Белсенділік танытқандары үшін қалған қатысушылар дипломдармен марапатталды.
Почетный профессор Казахского национального аграрного университета. Карьера. 1979 г. — Кайрат Айтуганов начал работать оператором цеха перевозки Кокчетавского почтамта. 1984-1985 гг. — ассистент кафедры почвоведения Целиноградского сельхозинститута. 1987-1989 гг. — агроном, старший агроном, главный экономист совхоза Карабулакский Зерендинского р-йона Кокчетавской обл.