Басты бет / Жаңалықтар / С.Сейфуллин университетінің студенттері ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Руслан Берденовпен кездесті
С.Сейфуллин университетінің студенттері ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Руслан Берденовпен кездесті

Просмотров: 1180

     2024 жылдың 13 қарашасында Мәдени-бұқаралық  жұмыс жөніндегі департаменттің ұйымдастыруымен «Ұлтқа қызмет» тақырыбында ҚР Парламенті Мәжілісінің  депутаты Руслан Берденов келіп, студенттермен кездесу өткізді.

   Кездесуді Басқарма мүшесі-студенттер ісі жөніндегі проректор ашып, құрметті мейманды таныстырды.

   Кездесу барысында Р.Берденов студент-жастарға бос уақыттарын тиімді пайдаланып, оны оқу-білімге арнауды және қоғамның кеселі болған құмар ойындардан аулақ болуға шақырды. Сондай-ақ, депутат қазіргі жастардың әлеуметтік желіге тәуелділігінің күн сайын артып келе жатқанына тоқтала келе, әлеуметтік желіні дұрыс бағытта пайдалана білуге шақырды және пайдалы ақпарат көздеріне көңіл бөліп, шет тілдерін үйренуге, қызықты жобалармен танысуға ерекше көңіл бөлді.

    Кездесу соңында студенттер өздерінің көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, еркін форматта пікір алмасты.