Басты бет / Жаңалықтар / С.Сейфуллиннің шығармашылық тұлғасы" атты әдеби-танымдық дәріс
С.Сейфуллиннің шығармашылық тұлғасы" атты әдеби-танымдық дәріс

Просмотров: 458

2024 жылдың 5 ақпаны күні С.Сейфуллиннің 130 жылдығы аясында "С.Сейфуллиннің шығармашылық тұлғасы" атты әдеби-танымдық  дәріс өтті. Дәрісті оқуға оқуға Евразия ұлттық университеті филология факультетінің Қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы Сағымбай Ботпайұлы Жұмағұл арнайы шақырылған болатын. Агрономия факультетінің акт залында өткен шараға университеттің барлық факультеттерінің студенттері қатысты.

Дәріс барысында, Сәкеннің тарихи-әлеуметтік сахнаға суырылып шығуы, сол кездегі қазақ даласындағы зиялылардың ояну, өзгеру дәуірімен тікелей байланысты болғанын және «Сәкеннің шын мәнінде күрескер тұлға ретінде қалыптасуына түрткі болған жағдай, ол туған халқының тағдыры мен болашаққа деген сенімі еді»,-деді.

Сағымбай Ботпайұлы дәріс барысында Сәкеннің «Тар жол, тайғақ кешу» тарихи-мемуарлық романының жазылу тарихы мен оның «Әдебиет майданы» журналында қызмет істеп жүрген жылдары жазған шығармаларын да атап өтті. Дәріс аяқталған соң, С.Ботпайұлы студенттердің сұрақтарына жауап берді. ЖРБСД факультетінің 3-курс студенті А.Хойтан орындауында С.Сейфуллинның «Тау ішінде» әні орындалды.

Мәдени-танымдық шараның соңында университет атынан Мәдени-бұқаралық департамент жетекшісі Бекболат Төкешұлы Байсағатов келген қонағымызға рақмет айтып, университеттің ректоры Қ.М. Тіреуовтің атынан Алғыс хат табыс етті.