Басты бет / Жаңалықтар / «Саналы ұрпақ» студенттік ұйымы ҚАТЗУ-дың Комплаенс қызметінің жетекшісімен кездесті
«Саналы ұрпақ» студенттік ұйымы ҚАТЗУ-дың Комплаенс қызметінің жетекшісімен кездесті

Просмотров: 2214

       2023 жылдың 15 қарашасында С.Сейфуллин атындағы ҚАТЗУ-да Мәдени-бұқаралық жұмыстар жөніндегі департаменттің ұйымдастыруымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметі «Саналы ұрпақ» студенттік ұйымының мүшелерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы Комплаенс қызметінің жетекшісі Қ.А. Токушев студенттерге адалдық пен парасаттылықтың құндылығы туралы мағлұмат беріп, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт нормалары, Әдеп кодексі, Академиялық адалдық ережелерін түсіндірді. Қатысушыларға   сыбайлас жемқорлықты қабылдау Индексі және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары туралы ақпаратпен таныстырды.

«Сыбайлас жемқорлыққа және басқа да қылмыстарға қарсы ең маңызды тосқауыл – заңды құрметтейтін парасатты  азаматтар. Сондықтан кез келген қылмысқа барынша төзбеушілік мінезін қалыптастыру өте маңызды. Біздің қоғамда адамгершілік, ынтымақ, адалдық және өзара көмек көрсетудің негізгі нормаларын насихаттайтын белсенді азаматтық ұстаным басым болуы керек», - деп атап өтті Қ.А.Токушев.

Сондай-ақ кездесуге Студенттер ісі жөніндегі проректор Ж.А.Құсайынова, декан орынбасарлары, 1-5 курс аралығындағы топ басшылары қатысты. Белсенді студенттерге алынған мәліметтер бойынша өз тобындағы студенттермен түсіндіру жұмыстарын жүргізу тапсырылды.

Ашық диалогта «Саналы ұрпақ» студенттік ұйымының мүшелері сұрақтар қойып, белсенділік танытты.