Басты бет / Жаңалықтар / «Саналы ұрпақ» студенттік клубының ашық пікір алмасу алаңындағы кездесуі
«Саналы ұрпақ» студенттік клубының ашық пікір алмасу алаңындағы кездесуі

Просмотров: 970

«Саналы ұрпақ» студенттік клубының мүшелері «Адал адам-Адал еңбек-Адал табыс» тақырыбында ашық пікір алмасу алаңында кездесу өткізілді. Кездесуді университеттің Комплаенс қызметінің жетекшісі Қ.А. Токушев ашып, үшінші Құрылтайда қаралған мәселелерге кеңінен тоқталып өтті: «Қай жерде болсын еңбектің, кәсіптің жаманы болмайды. Адал азамат дегеніміз-жақсы қасиеттерге ие болып, адал еңбек ететін және табысқа адал жолмен жететін адам. Адал адам-Адал еңбек-Адал табыс бір-бірінен ажырамайтын ұғымдар. Тәуелсіздік және Отаншылдық, Бірлік және Ынтымақ, Әділдік және Жауапкершілік, Заң және Тәртіп, Еңбекқорлық және Кәсіби біліктілік, Жасампаздық және Жаңашылдық идеялық негіздері басшылыққа алынса, қарқынды дамып келе жатқан ХХІ ғасырда лайықты орнын табады. «Әділетті Қазақстан-Адал азамат-Озық ойлы ұлт» деген үштаған ұғым өзара тығыз байланысты. Бізге және ұрпағымызға ешкім сырттан келіп жарқын болашақты жасап бермейді.Қағидамыз-әділдік, тірегіміз-жауапкершілік, мақсатымыз-өрлеу. Әрбір адал адам адал еңбегімен адал табысқа жетеді. Сіздер осы жауапкершілікті қазірден бастап сезінулеріңіз керек-деді.

Ашық пікір алмасу барысында «Саналы ұрпақ» клубының мүшелері ҚР Президентінің Құрылтайдағы  «Жастар арасындағы мәдениеттілік, тәрбие, адамгершілік құндылықтары» туралы айтқан сөзіне байланысты өз ойларын ортаға салды. Кездесу барысында «Саналы ұрпақ» клубының төрағасы Энергетикалық факультеттің 1 курс студенті Елдос Жақанұлы:  «Қазігі жастар-елдің болашағы. Қай кезде де халқымыз өз болашағы-жастар тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп отырған. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының  мәдени тұрғыдан жаңаруына сай жас ұрпаққа отансүйгіштік тәрбие беру үкіметіміздің жаңа стратегиялық бағдарламасының басым бағыттарының бірі болып саналады», техникалық факультеттің 3 курс студенті Жібек Сафина: «Қазіргі жастар көбісі кітапқа мән бермейді. Біз, ең алдымен, жастарды кітап оқуға баулуымыз керек. Сонда жаппай кітап оқитын ұлтқа айналамыз. Кітап оқырманға қолжетімді болуы керек. Кітапқұмарлық – жақсы қасиет.

Шын мәнінде, озық ойлы ұлт болудың ең төте жолы – кітап оқу. Сондықтан кітап оқу мәдениетін қоғамда барынша орнықтыруымыз керек.Біздің университетімізде КІТАП ОҚУ марафоны ақпан айында бастама алған, студент-жастар тіркеліп сол марафонға қатысып жатыр».

Агрономиялық факультеттің 1 курс студенті Айша Жангирова: «Қазақ халқы ежелден-ақ ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән берген. Тәрбие құралдарын білген. Батырлық та, даналық та осы тәрбиеден бастау алады. Өйткені, тәрбиенің өзі нағыз ұлттық құндылық болып табылады. Аз да болса, мәнді, мағыналы сөзбен ұрпағын тәрбиелеп, бірлігін қорғап, дамытып отырған. Сондықтан, дамыған елдердің қатарына ұлттық құндылықтарымызды сақтай отырып енсек, болашағымыз баянды болады деп сенемін».

ВжМШТ факультетінің 2-курс студенті Исатай Алымов: «Аға буын жас ұрпаққа жол нұсқап, бағыт-бағдар беретін айтқым келіп тұр.  Елімізде көзі ашық, көкірегі ояу азаматтар және  ойы ұшқыр, білімді жастар көп. Біз олардан үлгі алуымыз керек деп ойлаймын. Және  асыл қасиеттерді сіңіруіміз қажет. Ұлы Абайдың «Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең, істің бәрі – бос» деген сөзі әлі де өзекті болып тұр. Өзара жанашыр болу, түптеп келгенде, елге жанашыр болу деген сөз.  Біз жалпыұлттық деңгейде ойлауға ұмтылуымыз керек. Мысалы, әрбір қазақ ата-бабасын құрметтейді, рухына тағзым етеді. Сондықтан шежіре біздің мәдени кодымыздың ажырамас бөлігіне айналған. Бірақ біз тек қана осы түсінікпен шектеліп қалмауымыз қажет.

Ашық пікір алмасу алаңындағы кездесуге техникалық факультеттің 23-18, 23-04, 23-01, 23-11 топтары; экономикалық факультетінің 22-01, 21-04, 23-08 топтары; ОШЖТҚО факультетінің 23-08, 22-09, 22-12, 22-01; КЖжКББ факультетінің 23-02, 21-01, 22-01, 21-06 топтары; Агрономия факульетінің 23-01, 23-04, 22- 05, 22-06 топтары ; Энергетикалық факультетінің 23-04, 22- 20, 22-02 топтары; ЖРБСД факультетінің 23-02, 23-05, 22-03, 22-08; ВжМШТ 23-07, 23-02, 22-02, 22-12 топтары қатысты.