Басты бет / Жаңалықтар / «SANALY URPAQ» ұйымының мүшелерімен кездесу
«SANALY URPAQ» ұйымының мүшелерімен кездесу

Просмотров: 718

2024 жылғы 30 қазанда «SANALY URPAQ» студенттік ұйымы мүшелерінің Басқарма мүшесі – Студенттер ісі жөніндегі проректор Құсайынова Жайнагүл  Айтмағанбетқызымен кездесуі өтті.

 

Жайнагүл Айтмағанбетқызы ұйым мүшелерімен, алдағы мақсаттарымен танысып, жұмысты жүйелі ұйымдастыру әдістері туралы түсіндірді.

Жалпы, "Саналы ұрпақ" ұйымының құрамына 400-ден аса көшбасшылар біріккендіктен, команданы басқарудың құрылымы болу қажеттігін талқылап өтті.

Студент-жастардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды.

Алдағы іс-шараларға назар аударылды. Кездесу барысында әрбір факультетке жауапты болатын өкілдер сайланды. Өкілдердің жұмыс істеу мақсаттары мен міндеттері қаралды.