Басты бет / Жаңалықтар / Сейфуллин университетінің арулары ұлықталды
Сейфуллин университетінің арулары ұлықталды

Просмотров: 1664

    Кеше Астана қаласындағы «Жастар театрының» ғимаратында С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған мерекелік іс-шара өткізіп, көктемнің шуағымен бірге келген – Халықаралық әйелдер күні мерекесін атап өтті.

Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды аруладың мерекесінде ҚазАТЗУ факультеттерінің декандары сахнаға көтеріліп,  әлемдегі ең асыл жандардың жарқын мерекесінде ұстаз-аналарды, ардақты аруларды құттықтады.

Мерекелік концерттің өн бойында Ана – бар өмірдің бастауы екенін, қаламы жүйрік жазушы да, данышпан ғалым, ел бастаған көсем, сөз бастаған шешен де ана жүрегінен нәр алып өскенінен хабар беретін әндермен көрермен көңілін сусындатты.

Сөйтіп, бұл мерекелік іс-шара арқылы С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ ерлер ұжымы әр адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қамқоршысы да, ардақтысы да – Ана. Әйел-ана – отбасы жылуын сақтаушы, ел ертеңі болар ұрпақ тәрбиешісі екендігін әдемі өрнектеген.