Басты бет / Жаңалықтар / Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдығына арналған ән байқауы өтті
Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдығына арналған ән байқауы өтті

Просмотров: 236

28 ақпан күні С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдығына орай ұйымдастырылған қалалық ән байқауы болып өтті. Байқауға біздің университетіміздің студенттерімен қатар Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінен, Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясынан, Қазақ ұлттық өнер университетінен, «Жас қаламгер» үйірмесінен студенттер қатысып, Сәкеннің әндерін шырқап, өлеңдерін оқудан сайысқа түсті. «Ерке сылқым» күйімен шымылдығы ашылған байқаудың көркін Сәкеннің «Тау ішінде», «Көкшетау» әндерімен жалғастырған байқауға қатысушылар кешті қыздыра түсті. Байқау барысында Сәкеннің «Аққудың айырылуы» поэмасынан үзінді оқыған Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті Қалдан Серіктің өнеріне көпшілік қошемет көрсетті. Байқауды университетіміздің Гуманитарлық факультетінің философия кафедрасының ұжымы ұйымдастырды. Кеш соңынан байқаудың жеңімпаздары мен қатысушылары марапатталды.

Жүлделі І орынды Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының студенті, «Жас Қаламгер» үйірмесінің өкілі Жаңбырбай Ануар аса шебер орындағаны үшін алды.

ІІ орынды Қазақ ұлттық өнер университетінің студенттері Аруманов Мадия, Ғазезов Нұрланның дуэтіне «Тау ішінде» әнін көркем орындағаны үшін берді.

ІІІ орынды С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті студенттері Мұхтарханқызы Әсел, Сагындыкова Дилназ, Мейрамбаева Жанель триосына әнді ұлттық нақышта орындағаны үшін берді.

«Сәкен әндері» сайысының мақсаты: отансүйгіштік сана сезімді қалыптастыру, ЖОО арасындағы студенттердің өзара қарым-қатынас жасауға бағдарлау, сонымен қатар тарихи тұлғалардың шығармашылығымен таныстыра отырып ұлттық өнердің өрісін өркендету болып табылмақ.