Басты бет / Жаңалықтар / Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдығына арналған «РУХТЫ ЕЛДІҢ ҰРПАҚТАРЫ» атты V халықаралық (шетелдік студенттердің қатысуымен) жас ақындар жыр мүшәйрасы
Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдығына арналған «РУХТЫ ЕЛДІҢ ҰРПАҚТАРЫ» атты V халықаралық (шетелдік студенттердің қатысуымен) жас ақындар жыр мүшәйрасы

Просмотров: 1200

2024 жылдың 15 наурызы күні С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің Мәдени-бұқаралық жұмыстар жөніндегі департаменті мен Гуманитарлық факультеті қазақ және орыс тілдері кафедрасының ұйымдастыруымен «Тұлғаларға тағзым» бағыты бойынша Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдығына арналған «РУХТЫ ЕЛДІҢ ҰРПАҚТАРЫ» атты V халықаралық (шетелдік студенттердің қатысуымен) жас ақындар жыр мүшәйрасы өтті.

Мүшәйраның мақсаты – жастар бойындағы тілге, шешендік өнерге деген шығармашылық талаптарын шыңдау, қабілеттерін баптап, өнер додасына қосу және сол арқылы жаңаша көзқарасты, білімді, білікті, кез келген мәселені ой елегінен өткізе алатын ойлы, жан-жақты, ел болашағына дұрыс пайым жасай алатын бәсекеге қабілетті, өзара татулық пен ізгілік қасиеттерді бойларына жинақтаған дарынды жастарды айқындау; мүшәйраны өткізу арқылы жастарға дұрыс бағдар беру,рухани азықтандыру.

ЖОО студенттері арасында қатарынан бесінші рет өткізіліп отырған жас ақындар жыр мүшәйрасын жыл сайын өткізу дәстүрге айналған.

Биылғы жылы мүшайра халықаралық деңгейге көтерілді. Алдыңғы жылдары республикалық жас таланттардың беталысын байқап көру болса, енді жыр додасының бесінші жылында Моңғолия, Өзбекстан, Қарақалпақстан сияқты шет елдерден қатысатын жас ақындарының қабілет-қарымына баға бергелі отырмыз.

Сондай-ақ биыл жас ақындардың қатары да артқан. Шетелдің 4 жоғары оқу орынынан 6 үміткер, еліміздің 50-ден аса жоғары оқу орындарынан 80-ге жуық үміткерлер өтініш білдіріп, олардың ішінен сараптау нәтижесінде 28 ЖОО-нан 63 үміткер іріктеуден өтіп, аталмыш шараға қатысты. Мүшәйраға Ақтау, Ақтөбе, Семей, Өскемен, Тараз, Қызылорда, Қостанай, Петропавл, Орал, Атырау, Шымкент, Арқалық, Қарағанды, Павлодар, Алматы мен Астана қалаларының жоғары оқу орындарынан қаламын ұштап жүрген сексенге жуық дарынды студенттері өтінім берді.

Аталған шара С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті Басқарма мүшесі – Операциялық қызмет жөніндегі проректор С.К.Омаровтың құттықтау сөзімен ашылды. 

Талап білдірген жас ақындардың өлеңдерін алдын-ала құрылған сараптамалық комиссия мүшелері Halyq Uni агенттігінің шеф-редакторы, ақын, журналист, «Шабыт» жастар сыйлығының 2011 ж. Гран-при иегері Бейсенов Еркеғали Болатұлы; Абай телеарнасының жүргізушісі, ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Бердалы Назира Ермаханқызы; ҚР Парламенті Мәжілісінің Медиа-менеджері Жұмағазиев Нұрымжан Қасымұлы; педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымд.профессор, қазақ және орыс тілдері кафедрасының меңгерушісі Тлеулесова Ардақ Шайкенқызы сараптамадан өткізіп, өз бағаларын берді.

Сенсенге жуық жұмыстың ішінен оза шауып, тілімен, мазмұнды терең ойымен көрермендерді баурап алған ақындарға жүлделі орындар берілді.

Бас жүлде (100 000 (жүз мың) теңге сертификаты) иегері: Секенов Бекарыс Мейіртайұлы (С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті, Өскемен)

І дәрежелі (70 000 (жетпіс мың) теңге сертификаты) дипломмен Еркін Аслан Еркебұланұлы (Шабыт өнер университеті, Астана) және Кеңес Ертай Мерекеұлы (М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, Орал) марапатталды.

ІІ дәрежелі (50 000 (елу мың) теңге сертификаты) дипломын Қайпен  Әйгерім Болатқызы (С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті, Астана), Серікқызы Ақгүл (Alikhan Bokeikhan University, Семей), Серікқызы Аққу (Семей қаласының Шәкәрім университеті, Семей) иеленді.

Ал ІІІ дәрежелі диплом (30 000 (отыз мың) теңге сертификаты) үш адамға берілді. Олар: Кәріпбаева Бағжан Айдарқызы мен Кәріпбай Аружан Айдарқызы (Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті, Семей); Дәуренбекұлы Рамазан (Ә. Марғұлан атындағы педагогикалық университеті, Павлодар); Атыбай Ақтілек Ерболатұлы (Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты, Арқалық).

Шараның жоғары деңгейде өтуіне ерекше үлес қосқан университетіміздің басшылығына, Студенттер ісі жөніндегі проректор, филология ғылымдарының докторы Ж.А.Құсайыноваға, Мәдени-бұқаралық жұмыстар жөніндегі департамент директоры Б.Т.Байсағатовқа, Д.Е.Умаровқа, Г.Байдалинаға, Қазақ және орыс тілдері кафедрасының ұжымына, сонымен қатар гуманитарлық факультеттің деканы, филос.ғ.к. Ж.Т.Құлжановаға, кафедра меңгерушісі, п.ғ.к., қауымд. проф. А.Ш.Тлеулесоваға, кафедра доценті, ф.ғ.к. Т.Ж. Тоқсанбаеваға, кафедра оқытушысы, ф.ғ.м. Ә.Б.Ерсаиноваға алғыс білдіреміз.