Басты бет / Жаңалықтар / Білім беру ұйымдарында парасаттылық пен академиялық адалдық мәселелері туралы
Білім беру ұйымдарында парасаттылық пен академиялық адалдық мәселелері туралы

Просмотров: 628

Бүгін экономика факультетінің 1-курс студенттерімен Университетіміздің Антикоррупциялық комплаенс қызметінің жетекшісі Токушев Қайыржан Ахметбекұлы «Білім беру ұйымдарында парасаттылық пен академиялық адалдық мәселелері туралы» және «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыптарында баяндама жасады. Оқу үлгерімі мен жастар арасындағы парасаттылық пен адалдық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру аясында кеңестер берілді. Ал студенттердің стартап-бизнес пен ғылыми бағытта айналысуына «Ғылым және инновациялар департаментінің директоры», PhD докторы, қауымдастырылған профессор Булхаирова Жанна Сериковна ауқымды мәлімет берді. Сонымен қатар, «Мансап, тәжірибе және жұмысқа орналастыру орталығының» жетекшісі Казбеков Ғалым Кабдуович, «Халықаралық байланыстар және академиялық ұтқырлық департаментінің» аға менеджері Садыков Алмаз Нурбекович, «Мәдени-бұқаралық жұмыстар жөніндегі департаментінің» жастар ісі жөніндегі комитетінің аға менеджері Рақымберді Шұға Жамбылқызы, «Академиялық мәселелер жөніндегі департаменті» директорының орынбасары Нургалиева Алмагул Шаймуратовна және «Дене тәрбиесі кафедрасының» ассистенті Сатбаев Дулат Кабдуллаұлы студенттерге жалпы оқу процесі, тәжірибе алмасу, дуалды оқыту мен академиялық ұтқырлық, қосдипломды білім мен басқа да мәселелер бойынша тыңғылықты ақпараттар берілді. Кездесу соңында Экономика факультетінің деканы Сабырова Мадина Елемесқызы студенттерімізге берілген ақпараттардың пайдалылығын ескеріп, оқу жылына табыс тіледі.