Басты бет / Жаңалықтар / Студенттерге түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Студенттерге түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Просмотров: 1068

Орман шаруашылығы, жабайы табиғат және қоршаған орта факультетінің 1-курс студенттеріне «Ар-намыс» кодексін түсіндіру жұмысы жүргізілді.

      23-27 қыркүйек аралығында университеттің Мәдени-бұқаралық жұмыстар жөніндегі департаменттің мамандары орман шаруашылығы, жабайы табиғат және қоршаған орта факультеттің 1-курс студенттеріне «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» студентінің Ар-намыс кодексін түсіндіру жұмысын жүргізді. Түсіндіру жұмыстарына факультеттің 1-курсының 16 қазақ тобынан - 432 студент,  5 орыс тобынан - 95 студент тартылды.

     Білім алушылары Ар-намыс кодексінің университет аумағында және басқа да қоғамдық орындарда күші бар екендігі түсіндірілді. Сонымен қатар, студенттерге құқықтары мен міндеттері және ішкі нормативтік-құқықтық ережелері туралы ақпараттар берілді

    Түсіндіру жұмыстарын Басқарма мүшесі-Студенттер ісі жөніндегі проректор Ж.А.Құсайынова, Мәдени-бұқаралық жұмыс жөніндегі департамент директорының орынбасары Г.Е.Байдалина мен департаменттің аға менеджері Т.З.Канафин өткізді.  Кездесулерде факультет деканы Ж.Т.Боранбай, тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары А.К.Молдашева, факультет оқытушылары: СерікНарбаев,Баринова ГК., Буршакбаева Л.М., Асылбекова А.С., Есмурзаева А.К.,А.Н.Шалдыбаева қатысты.