Басты бет / Жаңалықтар / Сейфуллин университеттің студенттері «Түркі халықтарының үздік студенттері» атағына ие болды.
Сейфуллин университеттің студенттері «Түркі халықтарының үздік студенттері» атағына ие болды.

Просмотров: 1748

С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ  ЖРБСД факультетінің 4 курс студенттері Қазбеков Сәкен мен Құралбек Рамазан  «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Түркі халықтарының үздік студенті» халықаралық  байқауы өтті.

Осы мәртебелі байқау аясында екі  студентіміз  «Түркі халықтарының үздік студенті» аталымы бойынша төсбелгі және 1-дәрежелі дипломмен марапатталды.

Екі кезеңнен құралған байқау дарынды студенттерді біріктірді. Бірінші кезеңде қатысушылар оқудағы, ғылымдағы, шығармашылықтағы жетістіктерімен таныстырды. Одан кейін іріктеу қорытындысы бойынша үздіктер Астанада өтетін халықаралық байқауға  шақырылып, жеңімпаздар марапатталды. Байқауға Қазақстаннан ғана емес, басқа түркі мемлекеттерінен де студенттер қатысты. Үздіктердің үздіктері түрлі номинациялар бойынша жоғары марапаттарға ие болды.

Сіздерді осы марапатпен шын жүректен құттықтаймыз және алға қойған мақсаттарыңыз бен армандарыңызға жету жолында табыс тілейміз!