Басты бет / Жаңалықтар / Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты қалыптастыру
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты қалыптастыру

Просмотров: 1744

2 қазанда ЭКСПО халықаралық көрме орталығының конференц залында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қалыптастыру бойынша дөңгелек үстелі өтті.

Дөңгелек үстелге ҚР Бас прокуратурасы, Сот әкімшілігі, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, жиырма бір министрліктің және отыздан астам квазимемлекеттік сектор субъектілерінің өкілдері қатысты.

Шараға Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті комплаенс қызметінің қызметкерлері қатысты.

Шара барысынада сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты қалыптастыруға бағытталған іс тәжірибелік нақты ұсыныстар мен кеңестер берілді.