Басты бет / Жаңалықтар / Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа кешенді жұмыс жоспары бекітілді
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа кешенді жұмыс жоспары бекітілді

Просмотров: 1727

Қыркүйек айының 27 күні С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде Ғылыми кеңестің кезекті отырысы өтті.

Кеңес отырысы жағымды шаралар мен басталды.

Университетіміздің бірнеше профессорлары, оқытушылары әр-түрлі марапаттарға ие болып, жекелеген оқытушыларға профессор атағы  берілді.

Сонымен қатар, Республикалық ардагерлер кеңесінің шешімімен Ардагерлер қозғалысына белсене қатысқаны және жастар арасында тәлім-тәрбие жұмыстарын тұрақты жүргізгені үшін Қазақстан Республикасы Ардагерлар ұйымы Республикалық қоғамдық бірлестігінің  ең жоғарғы марапаты «ҚҰРМЕТ БЕЛГІСІ» төс белгісімен Университетіміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің жетекшісі Қайыржан Ахметбекұлы Токушев марапатталды.

Ғылыми кеңестің күн тәртібінде қаралған сұрақтардың бірі 2024-2025 оқу жылына арналған Университет бойынша әзірленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кешенді жұмыс жоспарын бекіту туралы болды.

Комплаенс қызметінің жетекшісі Кеңес отырысына қатысушыларды аталған Кешенді жұмыс жоспарында белгіленген іс-шаралар туралы ақпарат берді.