Басты бет / Жаңалықтар / Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ
Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ

Просмотров: 451

2024 жылдың 20 мамырында С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің Техникалық факультетінің «Технологиялық машиналар және жабдықтар» және «Көлік техникасы және технологиялар» кафедраларының профессорлық – оқытушылық құрамымен Комплаенс – қызметінің жетекшісі Қайыржан Ахметбекұлы Токушев кездесу өткізді.

Кездесу барысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт», «Білім беру процесіне қатысушылардың академиялық адалдық Кодексі» таныстырылып, түсіндірілді.

Қ.А. Токушев аталған кафедраларда жекелей орын алған құқық бұзушылық фактілеріне тоқталып, алдағы уақытта атқарылатын міндеттерді саралап берді. Кездесуде факультет деканы Е.С. Ахметов, кафедра меңгерушілері Г.А. Кокаева, А.Б. Рүстембаев және кафедралар доценттері А.Б. Бобеев, Т.Қ. Балғабеков өз ойларын ортаға салып, академиялық адалдық қағидаттарының талабын мүлтіксіз орындауға бағытталған жұмыстарды атап өтті. Сондай-ақ, кездесуге факультеттің басқада кафедраларының меңгерушілері қатысты.

Кездесуге барлығы 57 адам қатысты.