Басты бет / Жаңалықтар / Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу

Просмотров: 607

2024 жылдың 26 қаңтарында С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде Ветеринария және мал шаруашылығы технололгиясы, Компьютерлік жүйелер және кәсіптік білім беру, Орман шаруашылығы және Агрономиялық факультеттерінің декандарына, профессорлары мен оқытушылар құрамына университеттің комплаенс қызметінің жетекшісі Қайыржан Ахметбекұлы Токушев сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы ҚР заңнамаларына жан-жақты талдау жасап, түсіндіріп өтті. Сөзінің соңында, Қ.А. Токушев ұжымда және білім алушылардың арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, білім алушыларға рухани - адамгершілік тәрбиені насихаттау мәселелерін көтеріп, «Қазақстанда жемқорлықсыз Әділетті мемлекет құру - елімізде заңның үстемдік құруын қамтамасыз етуге тікелей байланысты», - деді.

Кездесу соңында, баяндамашы кездесуге қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.