Просмотров: 1360
Бүгін 15 қарашада Компьютерлік жүйелер және кәсіптік білім беру факультетінің "Бизнес информатика" 05-057-22-09 тобының 3 курс кураторы Анар Жасайқызы Молдабекованың ұйымдастыруымен кураторлақ сағат өтті.
Кураторлық сағатқа сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің жетекшісі Қ.А. Токушев және комплаенс офицер Қ.О. Оспанов қатысты. Сыбайлас жемқоролыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ҚР Қылмыстық кодексінде көзделген әрекеттер" тақырыбында студенттерге түсіндіру жүргізілді.
Қ.А. Токушев студенттерге ҚР Қылмыстық кодексінде және ҚР Әкімшілік кодексінде, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңында, өзге де нормативтік-құқықтық актілерінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жемқорлық құқық бұзушылықтарын болдырмау және сыбайлас жемқорлық бұзушылықтары үшін көзделген құқықтық әрекеттер тралы жан-жақты мағлұмат берді.
Жастар елдің болашақ маман-кәсіпкерлері ретінде ерекше орын алатынын атап өтіп, адалдық, ашықтық және әділдік қағидаттарын әрқашан бірінші орынға қоюға және парасаттылықтың жоғары стандарттарына сай болуға шақырды.
Кездесу барысында сұрақ – жауап арқылы пікір алмасу болды.
Студенттер Расул Ажгулов, Мұхит Отарқожа, Жәнел Шарипова және Анастасия Павлухинаның пікірлерінше: «Кураторлық сағат қатты әсер қалдырды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте әркімнің жеке үлесінің маңыздылығы туралы ой қалдырды. Көптеген пайдалы ақпарат алдық, қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтардың мысалдарын талдадық. Талқылау терең болды, жаһандық және жергілікті мәселелер де талқыланды. Бұл сыбайлас жемқорлықтың өмірдің барлық салаларына қаншалықты әсер ететіндігін жақсы түсінуге көмектесті. Қайыржан Ахметбекұлы қарапайым түрде түсіндірді және сұрақтарға толық жауап берді».
Почетный профессор Казахского национального аграрного университета. Карьера. 1979 г. — Кайрат Айтуганов начал работать оператором цеха перевозки Кокчетавского почтамта. 1984-1985 гг. — ассистент кафедры почвоведения Целиноградского сельхозинститута. 1987-1989 гг. — агроном, старший агроном, главный экономист совхоза Карабулакский Зерендинского р-йона Кокчетавской обл.