Просмотров: 1362
23-26 қыркүйек аралығында университеттің Мәдени-бұқаралық жұмыстар жөніндегі департаменттің мамандары Техникалық факультеттің 1-курс студенттеріне «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» студентінің Ар-намыс кодексін түсіндіру жұмысын жүргізді. Түсіндіру жұмыстарына факультеттің 1-курсының 24 қазақ тобынан-556 студент, 10 орыс тобынан - 102 студент тартылды.
Білім алушыларға Ар-намыс кодексінің университет аумағында және басқа да қоғамдық орындарда күші бар екендігі түсіндірілді. Сонымен қатар, студенттерге құқықтары мен міндеттері және ішкі нормативтік-құқықтық ережелері туралы ақпараттар берілді.
Түсіндіру жұмыстарын Басқарма мүшесі - Студенттер ісі жөніндегі проректор Ж.А.Құсайынова, Мәдени-бұқаралық жұмыс жөніндегі департамент директорының орынбасары Г.Е.Байдалина мен департаменттің аға менеджері Т.З.Канафин өткізді. Кездесулерге факультет деканы Е.С.Ахметов, тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары Б.М.Искаков, факультет оқытушылары А.Б.Аязбаева, Т.Е.Сарсембаева, А.О.Беккалиев, Г.Ч.Суеркулова, Л.А.Мажитова қатысты.
Почетный профессор Казахского национального аграрного университета. Карьера. 1979 г. — Кайрат Айтуганов начал работать оператором цеха перевозки Кокчетавского почтамта. 1984-1985 гг. — ассистент кафедры почвоведения Целиноградского сельхозинститута. 1987-1989 гг. — агроном, старший агроном, главный экономист совхоза Карабулакский Зерендинского р-йона Кокчетавской обл.